Қанат Ислам кәсіпқой бокстағы 17-жеңісіне жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қанат Ислам кәсіпқой бокстағы 17-жеңісіне жетті Cурет: alaman.kz

Қазақстандық былғары қолғап шебері Қанат Ислам кәсіпқой бокстағы өзінің 17-жеңісіне жетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық былғары қолғап шебері Қанат Ислам кәсіпқой бокстағы өзінің 17-жеңісіне жетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өзінің кезекті жекпе-жегін Колумбияда жергілікті боксшы Франциско Кордероға қарсы өткізген Қанат қандасымыз кездесудің үшінші раундында жеңіске жетті. 

Осылай ол кәсіпқой бокс шаршы алаңында өткізген 17 кездесуде 17-жеңіске жетіп отыр. Қанат оның 14-ін қарсыласын нокаутқа жіберіп, уақытынан бұрын аяқтаған. Ал, Кордеро үшін бұл 29 жекпе-жегіндегі үшінші жеңілісі болып тіркелді. 

Бұл жеңісінен кейін отандасымыз енді WBA рейтингінің сегізінші сатысына көтерілуі мүмкін. Егер, Қанат Ислам бұл сатыға көтерілсе, онда алдағы уақытта ол WBA тұжырымындағы чемпиондық атаққа таласа алады. 

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети