Қанат Исламмен кездесуі мүмкін деген әлем чемпионы кубалық Ларамен жекпе-жек өткізетін болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қанат Исламмен кездесуі мүмкін деген әлем чемпионы кубалық Ларамен жекпе-жек өткізетін болды Джарретт Херд. © FightNews.RU

Бірінші орта салмақта IBF белбеуінің иегері, кәсіпқой бокста жеңілістің кермек дәмін татпаған америкалық боксшы Джарретт Херд (21-0, 15 КО) осы салмақта WBA (Super) және IBO белбеулерінің иегері кубалық Эрисланди Ларамен (25-2-2, 14 КО) кездесетін болды, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бірінші орта салмақта IBF белбеуінің иегері, кәсіпқой бокста жеңілістің кермек дәмін татпаған америкалық боксшы Джарретт Херд (21-0, 15 КО) осы салмақта WBA (Super) және IBO белбеулерінің иегері кубалық Эрисланди Ларамен (25-2-2, 14 КО) кездесетін болды, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.

Жекпе-жек 7 сәуір күні өтеді. Кездесу Showtime арнасы тікелей эфирде көрсетеді. Бірақ кездесудің нақты қай жерде өтетінін белгісіз.

Еске салайық, өткен жылдың қазан айында Херд пен Лара бір бокс кешінде өнер көрсеткен еді. Ол кезде америкалық боксшы әлемнің бұрынғы чемпионы Остин Трауттан (30-4, 17 КО) үстем түссе, кубалық боксшы төрешілердің шешімі бойынша Террел Гаушадан (20-1, 9 КО) айласын асырды.

Айта кетейік, жуырда Қанат Исламға (25-0, 20 КО) Хердпе жекпе-жек өткізу туралы ұсыныс айтылған еді. Мұндай ұсынысты америкалық матчмейкер Райнэло Нельсон Лопес жасады.

Дегенмен де қазіргі уақытта Исламның басқа да міндеттері бар. 2017 жылдың 21 қарашасында WBA Қанат Ислам мен америкалық Джон Вера (18-0, 11 КО) арасындағы кездесуді ұйымдастыруға бір ай уақыт берген. Қай жеңгені Лараның міндетті қарсыласы болатын еді. Бірақ жекпе-жекті ұйымдастыруға берілген уақыт аяқталды. Дегенмен бұл кездесу туралы ешқандай ақпарат жоқ. Ал америкалық боксшының командасындағы дереккөздің мәліметі бойынша, қазақстандық боксшы бұл кездесуден бас тартыпты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети