Қанат Исламның (22-0, 18 КО) ақпан айында кездесетін келесі қарсыласы анықталды, - деп хабарлайды Vesti.kz қазақ бөлімі спортшының "ВКонтакте" желісіндегі тобына сілтеме жасап.
Бірінші орта салмақта жұдырықтасатын Қанат Исламның қарсыласы бразилиялық Робсон Ассис болады. Ол 16 рет жеңіске жетіп, үш рет жеңілген. Жеңістерінің тоғызын Ассис қарсыластарын нокаутқа түсіру арқылы уақытынан бұрын аяқтаған.

Робсон Ассис. © BoxRec

Робсон Ассис (сол жақта) Джеф Хорнмен жекпе-жегі. © Zimbio.com

Робсон Ассис (оң жақта) Джеф Хорнмен жекпе-жегі. © Zimbio.com

Нокаутқа түскен Робсон Ассис. © Zimbio.com
Осыған дейін қазақстандық боксшы ақпан айында Рой Джонстың андеркартында рингке оралатыны айтылған еді. Бұл бокс кеші Делавэр штатындағы Уилмингтон қаласында 17 ақпанда өтеді.
Қанат Ислам бұл кездесуде өз титулын қорғайды. Жекпе-жек форматы - 10 раунд.
Алматыда өткен жекпе-жегінде Қанат Ислам 29 қазанда төрешілердің шешімімен ганалық Патрик Аллотейді жеңген еді.