Қанат Исламның жаңа бапкерінің есімі белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қанат Исламның жаңа бапкерінің есімі белгілі болды

Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Қанат Ислам (27-0, 21 КО) отандық бапкер Нұрғали Сафиуллинмен жаттыға бастады. Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне боксшының командасына жақын дереккөз хабарлады.

Бокстан Қазақстан құрамасының бұрынғы аға бапкері жақында Қанат Исламмен қош айтысқан Багаудин Бековтың орнына келді.

Еске салайық, Беков 2019 жылы Қанат Исламды екі жекпе-жекке жаттықтырған - доминикандық Хулио Де Хесуспен (27-2, 24 КО) маусымда және намибиялық Уолтер Каутондоквамен (18-2, 11 КО) қазанда. Кейінгісінде боксшы қолын жарақаттады, ал былтыр жыл соңында қайтадан жаттыға бастады.

Айта кетейік, Ислам бұрын да Сафиуллиннің қол астында жаттықан. Ол қазақстандық маман Мырзағали Айтжанов, Мұхтархан Ділдәбеков, Нұржан Сманов, сондай-ақ, жартылай ауыр және бірінші ауры салмақта WBA чемпионы Бейбіт Шүменов (18-2, 12 КО) сияқты бірнеше отандық бокс жұлыздарын дайындаған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети