"Қазақ бауырларыммен". Сергей Ковалев чемпион болатын қазақстандық боксшыларды көрсетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазақ бауырларыммен". Сергей Ковалев чемпион болатын қазақстандық боксшыларды көрсетті © Vesti.kz

Жартылай ауыр салмақта бұрынғы әлем чемпионы ресейлік Сергей Ковалев (32-3-1, 28 КО) өзінің Instagram желісіндегі парақшасында қазастандық Мейірім Нұрсұлтанов және Мадияр Әшкеевпен бірге түскен суретін жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жартылай ауыр салмақта бұрынғы әлем чемпионы ресейлік Сергей Ковалев (32-3-1, 28 КО) өзінің Instagram желісіндегі парақшасында қазастандық Мейірім Нұрсұлтанов және Мадияр Әшкеевпен бірге түскен суретін жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ресейлік боксшы қазақстандық әріптестерін болашақ чемпиондар деп жазды: "Boxing Laboratory залында қазақ бауырларым және болашақ чемпиондар Мейірім Нұрсұлтанов және Мадияр Әшкеевпен".

Айта кетейік, Ковалев, Нұрсұлтанов және Әшкеевтің ісін менеджер Эгис Климас және промоутер Кэти Дува жүргізеді.

25 жастағы Нұрсұлтанов қазанда алғаш рет чемпиондық жекпе-жек өткізіп, төрешілер шешімімен америкалық Джамар Фриманды жеңді. Осылайша, жерлесіміз WBC белбеулер желісіне кіретін NABF Junior нұсқасы бойынша Солтүстік Американың "жастар" чемпионы атанды. Бұл тоғызыншы жекпе-жегіндегі тоғызынышы жеңісі болды, жеті кездесуді мерзімінен бұрын аяқтаған. 

30 жастағы Мадияр Әшкеев соңғы рет тамызда колумбиялық Эдуардо Флореспен (26-30-4, 15 КО) жұдырықтасқан. Сегіз раундқа есептелген жекпе-жек төртінші раундта қазақстандықтың жеңісімен аяқталды. Бұл қазақстандықтың он жекпе-жегіндегі тоғызыншы жеңісі, оның алтауы нокаутпен.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети