Қазақстан боксшысы Роман Жайлауов 15-ші жеңісіне қол жеткізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан боксшысы Роман Жайлауов 15-ші жеңісіне қол жеткізді

"Кәсіби бокстың жаңа туып келе жатқан жұлдызы" аталған Роман Жайлауов қатарынан 15-ші жеңісіне қол жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Кәсіби бокстың жаңа туып келе жатқан жұлдызы" аталған Роман Жайлауов қатарынан 15-ші жеңісіне қол жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz

6 маусымда Йоханнесбургте (ОАР) 20 жастағы қазақстандық пен оңтүстікафрикалық Луянда Джаконың арасындағы рейтинг кездесуі өтті. Отандасымыз қарсыласын бірінші раунда-ақ нокаутқа түсірді. Жайлауов осылайша тоғызыншы жекпе-жегін мерзімінен бұрын аяқтап отыр. Спортшы бір де бір рет жеңіліп көрмеген.

Биылғы сәуірде қазақстандық боксшы Golden Gloves промоутерлік компаниясымен келісімшартқа қол қойды. Компания басшысы Родни Берман Романды "әлемдік деңгейге шығарып, кәсіби бокста мегажұлдызға айналдыруды" уәде еткен болатын. Ал осыған дейін Берман Жайлауовты жаңа Геннадий Головкин бола алады деп те мақтады. 

Роман Жайлауов Шымкентте дүниеге келген, Астанада тұрады. Жартылай орта салмақта (66,7 келіге дейін) өнер көрсетеді. Кәсіби рингке ол 2012 жылы 18 жасында шықты. Жайлауов бірінші жартылай орта салмақта WBC (WBC Asian Boxing Council) Азия бокс кеңесі және Паназия бокс ассоциациясы (PABA) тұжырымы бойынша чемпиондық титулының иегері.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети