Қазақстанда туған неміс қызы кәсіби рингте нокаут жасады

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда туған неміс қызы кәсіби рингте нокаут жасады © instagram

WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы неміс қызы Кристина Хаммер кәсіби рингте кезекті жекпе-жегін сәтті өткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы неміс қызы Кристина Хаммер кәсіби рингте кезекті жекпе-жегін сәтті өткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Жекпе-жек 9 ақпанда Берлинде өтті. Ол сегіз раундқа есептелген еді. Бірақ Кристина екінші раундта техникалық нокаут жасап, жеңіске жетті. Хаммердің қарсыласы Грузиядан келген Елена Сикмашвили болды. Енді спортшының активінде 24 жекпе-жектегі 24 жеңісі бар.

Кристина Хаммер 1990 жылы 16 тамызда Қарағанды облысы Новодолинка ауылында дүниеге келген. Бала кезінде ата-анасымен Германияға көшіп, қазір Дортмундта тұрады. Бокспен 15 жасынан бастап айналысады, ал 20 жасында Германияның кәсіби бокста ең жас әлем чемпионы атанды. Оның кумирі - Геннадий Головкин.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети