Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров әлем чемпионы титулына таласады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров әлем чемпионы титулына таласады

Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров келесі жекпе-жегін 29 қаңтарда өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz. 25 жастағы қазақстандықтың қарсыласы бұл жолы 28 жастағы бразилиялық спортшы Хоаким Карнейро болады.

Жартылай орта салмақта (66,7 келіге дейін) NBA тұжырымы бойынша чемпиондық титул сарапқа салынатын кездесу Нью-Йорк қаласында өтеді. Жекпе-жек 12 раундқа созылады.

© Іnstagram.com/zhankoshturarov

Айта кетейік, Жанқош Тұраров Алматының тумасы. Қазақстандық спортшы кәсіби бокста 2009 жылдан бері бағын сынап жүр. Тұраров осыған дейін 17 кездесу (12 нокаут) өткізіп, оның барлығында жеңіске жетті. Қазақстандық боксшының промоутері Нельсон Лопес, сонымен қатар, ол Қанат Исламмен бірге де жұмыс істейді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети