Қазақстандық бокстың қандай екенін көрсетеміз - Қанат Ислам

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық бокстың қандай екенін көрсетеміз - Қанат Ислам © Өмірбек Сансызбай

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам 29 қазанда Алматыда болатын кездесу жайында пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам 29 қазанда Алматыда болатын кездесу жайында пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Мен дайындығымды кезең-кезеңмен жүргіздім, соққыдан қашатын әдістерді көп жасауға тырыстым, күшімді, техникалық арсеналдарымды сайлап отырмын. Жеңіс мен үшін өте маңызды. Жанкүйерлерімнің алдында өте маңызды. Менен басқа сол күні шаршы алаңға Жәнібек Әлімханұлы, Жаңқош Тұраров және Руслан Мырсатаев жұдырық түйістіреді. Біздің боксты көрсететін боламыз және қуантуға тырысамыз. Мен жеңіске оқталып отырмын", - деді Қанат Ислам бүгін өткен баспасөз мәслихатында.

31 жастағы боксшы, бірінші орта салмақта "WBA Fedelatin" атағына ие Қанат Ислам 29 қазан күні Алматыда ганалық боксшы Патрик Аллотеймен жұдырықтасады. Патрик Аллотей де тәжірибелі боксшы. Осыған дейін кәсіпқой шаршы алаңда 36 жекпе-жек өткізген. Оның 34-інде қарсыластарынан басым түскен. Оның 24-де қарсыластарын нокаутпен ұтса, 2 жекпе-жегінде ғана қарсыластарына есе жіберген. Cоңғы рет 24 маусым күні шаршы алаңға шығып, отандасы Сани Идананы жеңген. Жекпе-жектерінің барлығын дерлік Ганада өткізген. Үш кездесуі ғана өзге елде өткен. Кәсіпқой бокста "Улы жебе" деген лақап атқа ие.

Осы бокс кеші өтетін күні кәсіпқой рингке алғаш рет шығатын Жәнібек Әлімханұлы де алдағы жекпе-жегіне байланысты пікірін айтты. "Әрине, әуесқой бокстан кейін маған қиын болады, бірақ соңына дейін жұдырықтасамын, алғашқы жекпе-жегімде жеңіске жету үшін қолдан келгенді жасаймын. Мен әуесқой бокстан кету туралы шешім жасадым. Үлкендермен ақылдасып, кеңесін тыңдадым, енді міне, кәсіпқой бокстамын", - деді ол тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.

Айта кетейік, 23 жастағы Жәнібек Әлімханұлы 28 жастағы колумбиялық Милтон Нуньеспен жұдырықтасады. Айта кетейік, бұл боксшы 2010 жылы қазақстандық Геннадий Головкиннен нокаутпен жеңілген болатын. Боксшылар жекпе-жекті орта салмақта өткізеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети