Қазақстандық нокаутшы Ахмедов Головкиннің лагерінде жаттығатын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық нокаутшы Ахмедов Головкиннің лагерінде жаттығатын болды Геннадий Головкин мен Әли Ахмедов. © Дуглас Фишер/Instagram

Кәсіби рингте жеңіліп көрмеген жартылай ауыр салмақта қазақстандық боксшы Әли Ахмедов WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің лагеріне барды, деп хабарлады Vesti.kz. Ол келесі жекпе-жекке дайындығын Абель Санчестің залында өткізеді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кәсіби рингте жеңіліп көрмеген жартылай ауыр салмақта қазақстандық боксшы Әли Ахмедов WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің лагеріне барды, деп хабарлады Vesti.kz. Ол келесі жекпе-жекке дайындығын Абель Санчестің залында өткізеді.

Бұл туралы The Ring журналының редакторы Дуглас Фишер Санчестің Big Bear лагеріне барған соң белгілі болды. Танымал журналист Instagram желісіндегі өзінің парақшасы арқылы Ахмедовты бақылауға шақырды.

"Жартылай ауыр салмақтағы мына жігітті бақылаңыздар! Әли Ахмедов - Қазақстанна келген жаңа бағыт. Ол қазіргі таңда Абель Санчестің Big Bear The Summit лагерінде. Оның "рекорды" 11- 0, 8 КО және оның келешегі зор", - деп жазды Фишер.

Сонымен қатар, қазіргі таңда ол жерде Головкин мен ресейлік боксшы Сергей Ковалев жүр.

Айта кетейік, Big Bear Калифорния штатының табиғаты көркем жерінде орналасқан. Головкин Big Bear Lake Summit Gym залында жаттығады, ол Абель Санческе тиесілі. Спорттық залдан бөлек ол жерде тұрғын үй бар, боксшылар жаттығу процесіне барынша ден қою үшін сол жерде тұрады. Қазақстандық боксшының "екінші үйі" туралы толығырақ мына жерде көруге болады.

Еске сала кетейік, Ахмедовтың соңғы жекпе-жегі Алматыда 30 желтоқсанда өтті. Нокаутшы әзірбайжандық Исмат Эйнуллаевты уақытынан бұрын жеңді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети