Қазақстандық Сағадат Рахманқұлов мексикалық боксшыны нокаутқа жіберді

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық Сағадат Рахманқұлов мексикалық боксшыны нокаутқа жіберді © instagram.com/madiyar_ashkeyev

Қазақстандық жартылай орта салмақтағы боксшы Сағадат Рахманқұлов Мексикада жергілікті боксшы Даниэль Армандо Валенсуэлаға қарсы алғашқы жекпе-жегін өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

Жекпе-жек алты раундқа есептелген, бірақ қазақстандық оны бесінші раундта мерзімінен бұрын жеңіспен аяқтады. Бұл Рахманқұловтың Мексикадағы алғашқы жекпе-жегі. Мұның алдында ол АҚШ-та жұдырықтасқан. Кәсіби деңгейдегі жалғыз жеңілісті қараша айында пуэрториколық Никлаус Фластан тапқан. 

Қазақстандықтың мүддесін танымал Василий Ломаченко мен Теренс Кроуфорд сияқты жұлдыздармен жұмыс істейтін Top Rank пен Боб Арум промоутерлік компаниясы қорғайды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети