31 мамыр 2022 | 15:33

Рахмонов америкалықтарға қазақтың ұлттық бас киімі туралы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:instagram.com/shavkatrakhmonov94 Фото:instagram.com/shavkatrakhmonov94

UFC ұйымында жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық Шавкат Рахмонов қасқырдың терісінен жасалған бас киімі туралы айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


UFC ұйымында жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық Шавкат Рахмонов қасқырдың терісінен жасалған бас киімі туралы айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Бұл - қазақтың дәстүрлі бас киімі. Мұны біздің бабаларымыз қыста киген. Менің ойымша, бұл ерекше бас киім. Оны киіп мен Қазақ елінің өткені мен кеткенін және мәдениетін көпшілікке паш етемін. Әдетте мұндай бас киімді қасқырдың терісінен жасайды. 

Мен бұл бас киімді UFC-дегі кездесуіме дайындалып жатқанда сыйлыққа алдым. Менде мемлекеттік ту мен осы бас киімім бар. Негізі, мен оны өзім сатып алғым келді, бірақ жанкүйерлер менің осындай бас киіммен шыққым келетінімді біліп, сыйлық жасады", - деп келтіреді Рахмоновтың сөзін Аllboxing.ru порталы The MMA Hour басылымына сілтеме жасап. 

Айта кетейік, алдағы айқас Рахмонов үшін UFC ұйымындағы төртінші кездесуі болады. Бұған дейінгі үш кездесуді отандасымыз нокаутпен жеңді.

Отандасымыз UFC ұйымындағы келесі кездесуін 26 маусым күні Лас-Вегас қаласында өткізеді. Оның қарсыласы жартылай орта салмақтағы рейтингте оныншы орында тұрған америкалық Нил Мэгни болады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 482.09   532.1   5.08 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети