Геннадий Головкиннің әрбір жекпе-жегі оның анасы үшін үлкен сынақ және күйзелу, бұл туралы боксшының анасы Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында айтып берді. Айта кетейік, Геннадий Головкин 19 қазанда 34 жастағы мексикалық былғары қолғап шебері Марк Антонио Рубиоға қарсы кездесудің екінші раундында қарсыласын нокаутқа жіберіп, жеңіске жеткен еді.

Елизавета Головкинаның айтуына қарағанда, ол күйеуі өмірден өткен соң ұлының жекпе-жектерін жалғыз қарауға мәжбүр. Қобалжуларға қарамастан, Головкина азаннан теледидардың алдында отырып, ұлының Рубиоға қарсы өткізген жекпе-жегін тамашалады. "Мен барлық пікірлерді оқыдым: Гена жеңеді дегенді де, оның қарсыласы өте тәжірибелі екен дегенді де. Негізі, ол - мықты қарсылас, 66 жекпе-жек өткізген. Ол жақсы боксшы, бірақ Гена одан да мықты, - дейді оның анасы. Мен әрдайым өз ұлыма сенемін, десе де ылғи уайымдаймын, бұл бокс қой, жекпе-жек барысында боксшы әсер ететін ауыр соққы алып қалуы мүмкін, сондықтан да уайымдаймын".
Елизавета Головкина спортшының жас кезі туралы да айтып берді. Оның айтуына қарағанда, Геннадий Головкин кішкентай кезінен бастап көпшіл бала болған, ауладағы балалардың барлығы онымен дос болған. "Бокста, ал ол бокспен он бір жасынан бастап шұғылданып келеді, одан барлығы қорқатын. Ол өте талантты ғой, бапкер Генаның ерекше екенін бірден байқады, бүкіл мөлтекаудан Генамен дос болды, оның біреумен ерегісіп не біреумен төбелескен кезі болмады. Оларды бапкері ешкіммен төбелесуге болмайды деп үйретті ғой", - дейді ол.
Боксшының анасы сондай-ақ ресейлік комментаторлар Геннадий Головкинді "өзіміздікі" деп атағанын айтты. "Иә, бұрындары олар бұлай айтпайтын, әрдайым кемсітетін, ал енді "өзіміздікі" дейді, менде бұған назар аудардым. Енді Генаны бәрі таниды", - дейді ол. Сұхбаттың толық нұсқасын мына жерден оқи аласыздар. Бұған дейін Геннадий Головкин өзінің кезекті жекпе-жегін 2015 жылы өткізетіні айтылған болатын.