Ресейлік "Боец" телеарнасының бас редакторы және бокс сарапшысы Сергей Завилейскийдің пайымдауынша, Бейбіт Шүменовтің IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы Бернард Хопкинске (49 жаста) қарсы мүмкіндігі аса жоғары емес, - деп жазады Vesti.kz.
Ресейлік "Боец" телеарнасының бас редакторы және бокс сарапшысы Сергей Завилейскийдің пайымдауынша, Бейбіт Шүменовтің IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы Бернард Хопкинске (49 жаста) қарсы мүмкіндігі аса жоғары емес, - деп жазады Vesti.kz.
Бірақ қазақстандық сарапшылар Бейбіт Шүменов жеңеді деген пікірде екендіктерін де атап өткен.
"Жеңіске жету мүмкіндігі – 65:35, америкалықтың пайдасында, деп ойлаймын. Бәрібір Хопкинстің аты – Хопкинс. Иә, оның жасы егде тартып қалды. Ал Шүменов – жастау және құлшынысы зор... Бірақ, мен сонда да Шүменовке басымдық бермес едім. Не үшін екенін айтайын: көптеген боксшылар оған, сырттай қарағанда, егде тартқан Бернардқа қарсы шыққан, бірақ қандай артықшылықтары болса да, жеңе алмаған. Бұл Шүменовтің де қолынан келеді деп ойламаймын", - деп өз ойын жайып салды Завилейский.
Сарапшы сондай-ақ, жеңіске жету үшін боксшыларға 12 раунд бойы жұдырықтасу қажет болатындығын, онда ұпай санымен Хопкинс басым түсетіндігін білдірді.
"Бірақ бұл – менің пікірім ғана. Біз боксшылар айқасы жайлы айтып отырмыз, онда жекпе-жек тағдырын бір ғана соққы шешіп кете алады", - деді Завилейский. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.
Естеріңізге сала кетейік, Шүменов пен Хопкинс арасындағы айқас 19 сәуір күні Вашингтондағы DC Armory аренасында өтеді. Бұл жекпе-жекті KazSport телеарнасы тікелей эфир арқылы көрсетеді, АҚШ-тағы бокс кешіне қосылу Астана уақытымен 03:00 сағатта 20 сәуірге ауған түні басталады.