Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Ресейлік БАҚ-тар финалда Тищенконы Левиттен дәрігердің аман алып қалғанын мойындады

16 Тамыз 2016, 11:38
0
© Данияр Майлыбаев
© Данияр Майлыбаев

Ресейлік Sports.ru басылымы алтын медаль иегері Евгений Тищенконың қазақстандық Василий Левитпен жекпе-жегінде жолы болғанын жазып отыр.

"Қазақстандық боксшы Василий Левиттің қатыгездігінің арқасында 91 келі салмаққа дейінгі жекпе-жек сұрапыл төбелеске айналды. Содан жекпе-жекте Евгений Тищенко жеңіске жетіп, Риодағы Олимпиада ойындарында алтын медальді иеленеген тұңғыш ресейлік боксшы болып шықты.

(...) Егер Тищенко рингке жұдырықтасуға және ұпай жинауға шықса, оның қарсыласы қазақстандық Василий Левит рингке қарсыластарымен жұдырықтасып, олардың көзін жою үшін шығады. Бірақ Левит сирек жағдайда қатты соққыларды жасайтын. Левит Тищенкоға жол берді. Алайда бұған қарамастан Левит қатыгездікпен жұдырықтасуын тоқтатпады. Қазақстандық боксшы бірден жақындап, ресейлік Евгенийді канат жаққа итеріп, бірнеше соққы жасады. Бірақ қазақстандық Левиттің жасаған барлық соққысы дәл тимеді. Қарсыластар өте жақын қашықтықта жұдырықтасты. Ресейлік Тищенконың жолы болды. Жекпе-жектің ең шиеленіскен кезінде Тищенконы дәрігерлер қарай бастады. Осы уақытта Евгений біраз демалып алған болатын. Айта кетейік, көрермендер Тищенконың жеңісін жариялаған кезде залда жиналған жанкүйерлердің бәрі ысқырып, төрешілердің шешіміне өз наразылықтарын білдіріп, "Қазақстан", "Қазақстан" деп айғайлай берді. Мұндай айғайларды естіп тұрған Левит көрермендерден тынышталуын сұрады. Ал сол уақытта тұғырда тұрған Тищенко біраз алаңдаулы болып тұрды. Ресейдің әнұраны айтыла басталғанда ғана тынышталды", - деп жазады басылым.

Сонымен қатар,  ұлыбританиялық BBC News телеарнасының тілшілері Тищенко Левитпен болған жекпе-жекте көп уақытты қорғаныста болумен өткенін айтады. Мұндай позицияны орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Серхио Мартинес те ұстанады екен. Ал промоутер Лу Дибелла AIBA-ны мафия деп атады.

Еске салайық, 91 келі салмақтағы қазақстандық Василий Левит жартылай финалдық жекпе-жекте кубалық Эрисланди Савонмен жұдырықтасып, 3:0 есебімен жеңіске жеткен еді. Ал ширек финалда отандасымыз Кеннеди Сен-Пьеррді тізе бүктірген болатын. Ал кеше, 15 тамызда 91 келіге дейінгі финалдық кездесуде Василий Левит ресейлік боксшы Евгений Тищенкомен жұдырықтасып, Рио Олимпиадасының күміс медалін жеңіп алды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай