"Реваншты күтемін". МакГрегор жекпе-жекке қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Реваншты күтемін". МакГрегор жекпе-жекке қатысты пікір білдірді ©REUTERS

Ирландиялық боксшы Конор МакГрегор (UFC) ресейлік Хабиб Нурмагомедовпен қарымта жекпе-жек күтетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ирландиялық боксшы Конор МакГрегор (UFC) ресейлік Хабиб Нурмагомедовпен қарымта жекпе-жек күтетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жақсы жекпе-жек. Реваншты күтемін. Мен қайта ораламын", - деп жазды ол Twitter әлеуметтік парақшасында. 

Еске сала кетейік, жеңіл салмақта UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен ирландиялық Конор МакГрегор арасындағы жекпе-жек жаппай төбелеспен аяқталды.

Чемпиондық жекпе-жекте ресейлік спортшы қарсыласын төртінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңіп, өз атағын қорғап қалды. Дегенмен кездесу соңынан қызуқандылыққа салынғаны үшін чемпиондық белбеуді табыстау рәсімі өткен жоқ.

Сондай-ақ, жекпе-жек соңынан Хабиб ирландиялық спортшының командасына қарсы шығып, жаппай төбелеске ұласты. Ресейлік спортшы ирландиялық спортшының спарринг қарсыласы Диллон Дэниске жұдырық ала жүгірді. Ал UFC қатысушыларының бірі, Хабибтің досы Зубаира Тухугов октагонға шыға сала Конормен шайқаса кетті. Тәртіп сақшылары жағдайды реттеп, екі спортшыны алаңнан алып шығуға асықты.

Жаппай төбелеске қатысты UFC шешімі қандай болатыны белгісіз. Бұған қатысты ұйым алдағы уақытта өз шешімін шығаратын болады.

Хабиб Нурмагомедов кәсіпқой мансабында 26 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Ал Конор МакГрегор 2016 жылдан бері UFC жарыстарына қатысқан жоқ. Оған дейін 21 рет жеңіске жетіп, 3 мәрте ұтылған.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

I’ll be back.

Публикация от Conor McGregor Official (@thenotoriousmma)

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети