Рио-де-Жанейрода қазақстандық спортшылар қалай өмір сүріп жатыр?

© Жігер Әбенов Vesti.kz.

Vesti.kz тілшісі Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ауылына барып, бокстан қазақстандық құраманың тұрып жатқан үйінде қонақта болды.

Турнирді ұйымдастырушылар Олимпиада қатысушыларына шағын пәтерлер бөлген - соның бірінде қазақстандық боксшылар тұрып жатыр.

"Спарталық жағдайлар, бірақ артық ештеме жоқ. Біздің жаттығудан кейін дұрыс демалуымызға барлы жағдай қарастырылған", - деді тұрып жатқан жері туралы өз ойымен бөліскен Азия-2009 чемпионы Василий Левит.

Реклама
Реклама

"Біз турнирге дайындалып жатырмыз. Бар ойым рингте, - деді 2013 жылғы әлем чемпионаты жүлдегері Берік Әбдрахманов. - Біз әлі ауылдан шықпадық. Жаттығу залы мен асхана біздің үйден алыс емес жерде орналасқан. Біз қазір серуендейтін жағдайда емеспіз".

Боксшылар тұрып жатқан пәтер алты адамға арналған. Ауыр салмақта Василий Левит пен Иван Дычко бөлек бір бөлмеде тұрып жатыр, ал тағы төрт боксшы екеуден: Данияр Елеусінов Әділбек Ниязымбетовпен, ал Қайрат Ералиев Берік Әбдрахмановпен. Осыған дейін боксшы Әділбек Ниязымбетов Риодағы Олимпиада мен Лондон Олимпиадасының айырмашылығы жөнінде өз ойын бөліскен болатын.

Еске салайық, қазақстандық боксшылар Олимпиадада өздерінің бірінші қарсыластарының есімдерін білді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама