03 тамыз 2016 16:19

Ниязымбетов Рио-2016 ойындарындағы "қазақша допинг" туралы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©АҒР ©АҒР

2012 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарындағы "қазақша допинг" туралы айтып берді.


2012 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарындағы "қазақша допинг" туралы айтып берді.

"Бес күн бұрын келдік және осы жақтың ауа райы мен климатына бейімделіп үлгердік. Ойындардың басталуын тағатсыздана күтудеміз. Жақсы орналастық. Жаттығулар олимпиадалық ауылдан алыс емес жерде өтіп жатыр. Он минуттай жүреміз", - деді ол.

Сонымен қатар, боксшы Лондон мен Риодағы Ойындардың айырмашылығы жайлы айтып берді: "Менің ойымша Лондон Ойындарға жақсы дайын болды. Бұл жақта барлығы нашар деп айтпаймын, алайда ағылшындар барлық процесті жинақы әрі тұтас ұйымдастыра білді. Мұнда барлығы өзгерек". Ниязымбетов сондай-ақ Қазақстан құрамасының спортшылары екі бөлмелі номерлерде тұрып жатқандығын айтты. "Мен Берік Абдрахмановпен бірге тұрамын. Біреулер жалғыз тұрады, мысалы Иван Дычко. Онымен бөлме тар болар еді (күледі)", - деп бөлісті боксшы.

Олимиада жүлдегері Ойындардағы тамақтану жайлы да айтып берді. "Сәл түзетулер енгізуге тура келді. Мұнда әр түрлі асхана бар. Жергілікті және еуропалық. Әрине, біз де тамақ алып келдік. Қазы мен қымыз алып келдік (...) Қазір қазы жемейміз, турнирге сақтап қойдық. Жарыстар басталған кезде қазыны үстелге қоямыз. "Олар жаратылған күшті қалпына келтіреді. Сонымен қатар, дәмді әрі пайдалы. Біздің ұлттық тағам ет асуға не жетсін? Бұл өте сіңімді тағам. Бізге күш береді", - Деді Ниязымбетов.

Еске салайық, Бразилияда Олимпиада ойындары 5 тамызда басталады. Боксшылар арасындағы турнир келесі күннен басталып, 21 тамызда аяқталады.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети