12 мамыр 2020 | 14:57

Рио Олимпиадасында Василий Левитті жеңген ресейлік боксшыдан коронавирус табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Reuters Фото: Reuters

Рио-де-Жанейрода өткен 2016 жылғы Олимпиадада 91 келі салмақта алтын медаль иеленген ресейлік боксшы Евгений Тищенко коронавирус жұқтырды, - деп хабарлайды Mash телеграм каналы. 


Иконка комментария блок соц сети

Рио-де-Жанейрода өткен 2016 жылғы Олимпиадада 91 келі салмақта алтын медаль иеленген ресейлік боксшы Евгений Тищенко коронавирус жұқтырды, - деп хабарлайды Mash телеграм каналы. 

Боксшының өзі дәрігерлер көмегіне жүгінген. Сараптама қорытындысы коронавирус инфекциясы барын көрсеткен. Артынша боксшы үйдегі карантинге жатқызылды. Тищенкода COVID-19 инфекциясының жеңіл түрі екені айтылған. 

28 жастағы Тищенко қазір кәсіпқой боксқа ауысып, жеті жекпе-жектің барлығында жеңген. 

Еске салайық, Тищенко 2016 жылғы Олимпиада финалында қазақстандық Василий Левитті төрешілер шешімімен жеңген. Алайда бұл шешімге залдағы көрермендер қарсы болып, наразылық ретінде ысқыра бастаған. Ашулы көрермендерді қазақстандық боксшының өзі сабырға шақырған болатын. Жекпе-жектен кейін бокс сарапшылары да Левиттің жеңгенін мәлімдеген еді. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети