Рой Джонс Теміртаудағы Тұңғыш Президент мұражайына қонақ болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рой Джонс Теміртаудағы Тұңғыш Президент мұражайына қонақ болды Рой Джонс Теміртаудағы Тұңғыш Президент мұражайында. ©Vesti.kz

Америкалық атақты кәсіби боксшы Рой Джонс Қазақстанға сапары барысында Теміртаудағы Тұңғыш Президент мұражайына қонақ болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Америкалық атақты кәсіби боксшы Рой Джонс Қазақстанға сапары барысында Теміртаудағы Тұңғыш Президент мұражайына қонақ болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Онымен бірге мұражайға еліміздің Олимпиада чемпиондары Ольга Шишигина, Ермахан Ибраимов, Серік Сәпиев, Дмитрий Карпов, Сергей Котенко және бокстан ауыр салмақта әлем чемпионы Олег Маскаев барды.  

Теміртауда жастар алдында сөйлеген сөзінде Рой Джонс Қазақстанға келу мүмкіндігін жасағаны үшін алғыс айтты. "Бұл жер маған өте ұнады, Қазақстан мен Қарағандыда бола алғаным - шын мәнінде өте керемет. Бұл елдің спортқа деген қарым-қатынасы ұнайды. Досым Нұрғазы Жарылғаповтың осында, әкесі осымен отыз бірінші рет өткізіп отырған турнирге келіп қатысу туралы өтінішіне ришалығыммен келіп отырмын. Бұл жаққа тағы да келемін", - деді бұрынғы чемпион. 

Мұражайды аралап, танысып шыққан соң турнир қонақтары Қарағанды металлургия комбинатына барды.

© Vesti.kz

Бұл күні АҚШ-тан келген қонақ 17-21 желтоқсан аралығында бокстан өтетін Ғалым Жарылғапов атындағы XXXI халықаралық турнирінің ашылу салтанатына қатысты. Сонымен қатар, Рой Джонс рингте рэп орындады. Ол көрерменге өзінің үздік үш композициясын арнады.

Ұйымдастырушылар Рой Джонс пен қарағандылық ауыр салмақтағы боксшылардың қатысуымен импровизациялық жұдырықтасу жоспарлады. Серік Сәпиев, Ольга Шишигина және шараға қатысқан чемпиондар төреші болды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети