Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Рой Джонс Головкинді қорғаштады

25 Шілде 2016, 09:42
0
© ntv.ru
© ntv.ru

Төрт салмақ дәрежесінде әлемнің бұрынғы чемпионы Рой Джонс орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF версиялары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинге әділ сын айтылмай жатыр деп есептейді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Нақтырақ айтқанда, Джонс Головкиннің жартылай орта салмақтағы IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы ағылшын Келл Брукті (36-0, 25 КО) таңдағанына айтылып жатқан сынды орынсыз деп есептейді екен.  

"Бұл жақсы жекпе-жек, Келл Брукті менсінбеу дұрыс емес. Ол жартылай орта салмаққа үлкенірек. Ол 160 фунтта да рингке шыға алады және осы дәрежеде де өзін көрсете алады. Жекпе-жектерден қашып жүрмесе де Головкинге неге сын айтыла береді? Ол келісім берген әрбір боксшымен жұдырықтасып жүр", - деді Джонс.

Ал Головкин Брукті басқа боксшы табылмаған соң таңдағанын айтты. "Ұсыныс түсті. Мен неге келіспеуім керек? Мен осыны түсінбеймін. Ұсыныс жасағандардың барлығымен жұдырықтасамын", - деді қазақстандық.

Еске салайық, Головкин - Брук жекпе-жегі 10 қыркүйекте Лондондағы 20 мың адамдық O2 аренасында өтеді.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай