Рой Джонс, Ломаченко мен Найман Головкин - Канело жекпе-жегі туралы айтты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рой Джонс, Ломаченко мен Найман Головкин - Канело жекпе-жегі туралы айтты © instagram

Танымал боксшылар кіші Рой Джонс пен Василий Ломаченко, сондай-ақ файтер Қуат Хамитов Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек туралы пікірін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Танымал боксшылар кіші Рой Джонс пен Василий Ломаченко, сондай-ақ файтер Қуат Хамитов Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек туралы пікірін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайына сілтеме жасап.

Кіші Рой Джонс Головкиннің керемет карьерасы болғанын айтып, оған сәттілік тіледі.

"Головкин қолынан келгеннің бәрін көрсетті. Десе де, жасы да әсер етеді. Ол қарсыласын жеңуге тырысты, бірақ қолынан келмеді. Менің ойымша, бастапқыда ол Андре Уордпен кездессе жақсы болар еді, бірақ ол Канелоны таңдады. Сол үшін оны құрметтеу керек. Оның кәсіпқой бокстағы карьерасы керемет болды, мен оған өмірінің келесі кезеңінде барлық жақсылықты тілеймін", - деді кіші Рой Джонс "Матч ТВ" арнасына.

Украиналық боксшы Василий Ломаченко да Геннадийдің жасын атап өтті.

"Бұл өте қызық болды. Тарихи сәт болды. Трилогия болды. Канело мықты болды, бірақ Геннадий тым қартайған шығар. Менің ойымша, Канело Биволмен реванш өткізуі мүмкін. GGG-ге келсек, білмеймін. Бұл оның шешімі. Ол қазір аңызға айналды. Карьерасын аяқтауы мүмкін", - деді Ломаченко FightSpace YouTube-арнасына берген сұхбатында.

Қуат Хамитов те жерлесін мақтады.

"Геннадий Головкин - шын өмірде Рокки Балбоа! 40 жасында ең үздік боксшыға 12 раунд қарсы тұру - ерлік! Бүгінгі жекпе-жекті көргеннен кейін сыным дұрыс екенін түсіндім, өйткені Головкин бес жыл бұрын салмақ қосып, барлық белбеуді Альвареске дейін жинап ала алар еді, бірақ, өкінішке қарай, бұлай болмады. Қалай болғанда да, ол тарихта қалды. Чемпионға құрмет, ол қазақстандық кәсіпқой бокстың пионері және атасы болып қала береді", - деп жазды Найман Instagram-парақшасында.

Трилогия 18 қыркүйекте Лас-Вегаста өтіп, Альварес төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңген болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети