12 қыркүйек 2014 | 12:50

Рубионың бапкері Головкинге қарсы қандай айла қолданатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Роберт Гарсия және Марко Антонио Рубио. ©allboxing.ru Роберт Гарсия және Марко Антонио Рубио. ©allboxing.ru

Орта салмақтағы WBC уақытша чемпионы - мексикалық Марко Антонио Рубионың жаттықтырушысы Роберт Гарсия WBA (Super) және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинге қарсы қандай айла қолданатынын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Орта салмақтағы WBC уақытша чемпионы - мексикалық Марко Антонио Рубионың жаттықтырушысы Роберт Гарсия WBA (Super) және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинге қарсы қандай айла қолданатынын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Рубионың бапкері Головкиннің қарсыластары онымен кездесуге қорқып шығатынын, бірақ мексикалық боксшының командасы мұндай жайтқа жол бермейтінін айтты. Сондай-ақ Гарсия өзінің шәкірті бұл жекпе-жекте көп соққы жіберіп алатынын және Рубио оған дайын болу керектігін мойындады. "Рубио ауыр соққыларды қабылдауға дайын болу керек, сонымен қатар ол Головкинге қысым жасап, мүмкіндігінше жекпе-жекті созуға тырысу керек. Қысқа соққылар, апперкоттар секілді соққыларды Головкин қашан жіберетінін кім біледі? Егер Головкиннің бет әлпеті қанға боялса не болады? Геннадийдің қабағы ешқашан жарылмаған. Оның орта салмақтағы мықты боксшыдан соққы жіберіп алғанына қалай әрекет ететінін білмейсің. Біздің жоспар мынадай: бізге өте сақ болып, мықты қорғану керек, бірақ оның өзінде бізге бірнеше соққыларды қабылдауға тура келеді. Егер менің боксшым мұны жасай алатын болса, кейінгі раундтарда жеңіске жету мүмкінгіміз бар", - дейді Гарсия.

Еске салайық, Головкин мен Рубио арасындағы кездесу 18 қазанда Карсон қаласындағы (Лос-Анджелес, Калифорния штаты) StubHub Center-де өтеді, ол HBO телеарнасынан тікелей көрсетіледі. Еске сала кетейік, бұл жекпе-жек 32 жастағы Геннадий Головкиннің 2014 жылдағы үшінші және кәсіби шаршы алаңдағы 31-кездесуі болмақ.

Айта кетейік,  бұл жекпе-жекте екі боксшы орта салмақтағы чемпиондық атақтарды біріктіру үшін жұдырықтасады. Ал кездесудің жеңімпазы WBC тұжырымының толыққанды чемпионы Мигель Коттомен жекпе-жек өткізуге мүмкіндік алады,

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети