Қазақстандық боксшы Руслан Мәдиев келесі жекпе-жегін 17 қазанда Нью-Йоркегі Madison Square Garden аренасында өткізеді, - деп хабарлайды Boxrec.com. Бұл туралы Vesti.kz жазды.
Қазақстандық боксшы Руслан Мәдиев келесі жекпе-жегін 17 қазанда Нью-Йоркегі Madison Square Garden аренасында өткізеді, - деп хабарлайды Boxrec.com. Бұл туралы Vesti.kz жазды.
Қазақстандық 22 жастағы спортшы WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен IBF титулының иегері Давид Лемье арасындағы жекпе-жек аясында ұйымдастырылатын үлкен шоуда бақ сынайды. Ол жеңіл салмақта 4 раундтық жекпе-жек өткізеді. Қазақстандық боксшының қарсыласы әзірше белгісіз.
Айта кетейік, бұл кездесу Руслан Мәдиев үшін алтыншы жекпе-жек болмақ. Ол бұған дейінгі бес кездесуде де жеңіске жеткен. Қазақстандық боксшы 20 қыркүйекте америкалық Райана Пикпен кездесуі керек болған. Дегенмен Русланның қарсыласы жекпе-жектен бас тартты.
Еске сала кетейік, Давид Лемье мен Геннадий Головкин арасындағы жекпе-жекті "Қазақстан" телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.