Салмақ өлшеу рәсімінде мені көрген жұрт таңғалатын болады - Келл Брук

Келл Брук © tofight.ru

Орта салма?та?ы IBF н?с?асы бойынша ?лем чемпионы, ?лыбританиялы? Келл Брук (36-0, 25 КО) ж?ртты? оны орта салма?та?ы WBA (Super), IBO, WBC ж?не IBF сериялары бойынша ?лем чемпионы Геннадий Головкинмен (35-0, 32 КО) ?тетін жекпе-жекке бір к?н ?ал?анда к?рсететін салма? д?режесіне та??алатынын м?лімдеді, - деп хабарлайды vRINGe.com.

Орта салмақтағы IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы, ұлыбританиялық Келл Брук (36-0, 25 КО) жұрттың оны орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF сериялары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен (35-0, 32 КО) өтетін жекпе-жекке бір күн қалғанда көрсететін салмақ дәрежесіне таңғалатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды vRINGe.com.

"Сіздер жекпе-жекке бір күн қалғанда алдын ала салмақ өлшемін көрдіңіздер: мен әрең дегенде лимитке кірдім, - деп келтіреді Бруктың сөзін BoxingScene басылымы. - Өздеріңіз түсініп отырған шығарсыздар, мен салмақ қосып жатқан жоқпын, керісінше салмақ түсіріп жатырмын. Жұрт менің жекпе-жекке бір күн қалған кезде көрсеткен салмағымды көріп, естері шығады. Жұрт менің еңгезердей екенімді көріп, таңғалады. Иә, мен әлі орта салмақта жұдырықтасқан жоқпын, бірақ мен мұны әдеттегі жекпе-жектердің бірі екенін білемін".

Еске салайық, Головкин - Брук кездесуі 10 қыркүйекте Лондонда 20 мың орындық О2 аренасында өтеді. Қазақстан және Kazsport арнаары тікелей эфирден көрсетеді. Көрсетілім Астана уақытымен 23:00-де басталады.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама