Санчес неліктен Головкиннің жеңісіне сенімді екенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Санчес неліктен Головкиннің жеңісіне сенімді екенін айтты Геннадий Головкин. © Тұрар Қазанғапов

Орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO чемпионы Геннадий Головкиннің (38-0-1, 34 КО) бапкері Абель Санчес Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында қазақстандық боксшы мексикалық Сауль Альвареспен (49-1-2, 34 КО) қарымтада үлкен қиындықтарға тап болмайтынына сенімділік білдірді.

"Мектепте бақылау жұмысын тапсырар алдында, қойылған сұрақтарға жауап табасыздар. "Канеломен" қарымта Головкин үшін сондай бір тест сияқты. Геннадий алғашқы жекпе-жекте жеңген. Оны бәрі біледі. Ал оның өзі "Канелоның" қолынан не келетінін біледі. Енді біз жоспарлап қойғанымызбен алғашқы жекпе-жекте көрсете алмай қалғанымызды іске асырамыз. Геннадий өте жинақы. Ол болып жатқан жағдайға қуанышты. Бұл рематчте бәрі тамаша", - дейді Санчес.

Еске салайық, Головкин мен Альварестің қарымтасы Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді. Астана уақытымен жекпе-жек 16 қыркүйек таңғысын басталады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети