09 шілде 2018 17:42

Сарапшы Елеусіновтің кәсіпқой рингтегі мүмкіндіктеріне баға берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© gi-wom.ru © gi-wom.ru

VRinge.com интернет-журналының шеф-редакторы қазақстандық Данияр Елеусіновтің кәсіпқой бокстағы мүмкіндіктеріне баға берді. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында сарапшы Олимпиада чемпионын қалыптасқан шебер деп атады.


VRinge.com интернет-журналының шеф-редакторы қазақстандық Данияр Елеусіновтің кәсіпқой бокстағы мүмкіндіктеріне баға берді. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында сарапшы Олимпиада чемпионын қалыптасқан шебер деп атады.

Горюнов мысал ретінде украиналық Василий Ломаченко және америкалық Кори Спинксті атады.

"Данияр Елеусіновті украиналық "Ринг" журналына редактор болып, әуесқой боксқа жауапты болғанымнан бері білемін. Шатаспасам, 51 немесе 54 келіге дейін салмақта болатын. Қай жарыс екені есімде жоқ, бірақ керемет ептілікпен жоғарылап, бірінші орыннан көрінді. Сол кезде атын жаттап қалдым да, бақылап жүрдім. Жалпы 2016 жылғы Олимпиада Елеусіновтің биіктен көрінуіне таңданбадым да.

Кәсіпқой боксқа өтіп, Эдди Хирн сияқты белсенді әрі озық промоутерге ісін тапсырғаны да таңдандырмады, Хирн таланттарды бірден таниды. Даниярды пісіріп керегі жоқ, ол дайын шебер. Бірақ кәсіпқой рингте "жетілдіріп" алған артық болмас.

Осыған дейін Елеусіновтың стилі кәсіпқой боксқа жарамайды, тым әуесқой дегенді көп естідім. Мұның бәрі бос сөз. Даниярдың сүрінгенін қалайтындар ғана оның жығылатынын болжайды.

Ломаченконың "әуесқой" мәнері де кәсіпқой рингте күл-талқан болу керек еді. Бұл "пайғамбарлар" адамның талантын есепке алған жоқ, өзін және боксын да өзгерте алатын. Елеусіновте ондай талант жоқ деп кім айта алады? 2003 жылы абсолют чемпион болған Кори Спинкс бар. Оның да бокс мәнері ойнақы болатын.

Жалпы Хирннің орнында өсекті тыйып, Елеусінов пен Джош Келли сияқты жұлдыздарыңды күш сынастырмас едім. Рекорды бар екі жұлдыз біреуден жақсы. Қазір төрт атақ бар, екі адамға жетеді", - дейді Горюнов.

Еске салайық, Елеусінов кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегін 28 сәуірде Нью-Йоркте өткізіп, америкалық Ноа Киддті (3-1-1, 2 КО) нокаутқа түсірген.

Елеусіновтың келесі жекпе-жегі Англияның Крдифф қаласында 4 тамызға белгіленген. Бұл бокс кешінде Елеусінов мажарстандық Габор Горбичпен (24-11, 14 КО) жұдырықтасады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети