07 тамыз 2019 09:20

Сарапшы Головкин-Деревянченко жекпе-жегіне болжам жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкин мен Сергей Деревянченко. Фото: The Sun Геннадий Головкин мен Сергей Деревянченко. Фото: The Sun

vRINGe.com редакторы Святослав Осипов украиналық Сергей Деревянченконың қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жектегі мүмкіндігі жайлы пікірін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz


vRINGe.com редакторы Святослав Осипов украиналық Сергей Деревянченконың қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жектегі мүмкіндігі жайлы пікірін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz

Бұған дейін IBF титулына басты үміткер Деревянченко мексикалық Сауль Альвареспен келіссөз жүргізген, бірақ "Канело" келісе алмауына байланысты белбеуінен айырылған болатын. Нәтижесінде ұйым IBF титулын Деревянченко мен Головкин арасында сарапқа салмақ. 

Осиповтің пікірінше, Деревянченконың командасы Головкинді "Канелодан" оңайырақ қарсылас деп санаса, қателеседі. 

"Деревянченконың командасы мақтауға лайық. Головкинмен алдын ала келіссөз жүргізді. Олардың шарттарың тыңдады. Альварестің командасына гонорарды жеті миллионға дейін өсіруді ұсынды. Олар бас тартып, титулдан айырылды. Головкинге қарсы мүмкіндік көбірек деп ойлады ма екен? Ал мен сенімді емеспін. Иә, жас болғаны ұтымды. Бірақ Альварес бір жыл бойы тізе жарақатымен рингке шығып жүр", - деді Осипов. 

Айта кетейік, Головкин мен Деревянченконың тараптары қазір келіссөз жүргізіп жатыр. Боксшылар 5 қазанда жұдырықтасуы мүмкін. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети