Boxingnews24.com басылымының сарапшысы Джефф Аранау WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинге (37-0, 33 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (48-1-1, 34 КО) өтетін жекпе-жекте қандай әдістерді қолданғаны жөн болатынын айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Айта кетейік, осыған дейін "Канелоның" бұрынғы қарсыласы және отандасы Альфредо Ангуло Головкиннің соққысының мықтылығын айтқан еді. Сондай-ақ, Ангуло "Канелоның" 2015 жылы Джеймс Кирклендпен жекте-жекте соққыны ұстай алатынын көрсетті деп айтқан болатын.
"Киркленд "Канело" оны нокаутқа түсіргенге дейін үш рет құлады. Бірақ Киркленд осы уақытқа дейін расында бірнеше мықты соққы жасап үлгерді. Оның "Канелоның" жағына дөп тиген сәттері болды. Осылайша, Киркленд қарсыласын жеңіп шықты. "Канело" Головкинмен өтетін кездесуде дәл солай жасай алады. Бірақ Киркленд ұзақ уақыт қарсылық көрсете алмады, себебі ол өте баяу қимылдады.
"Канело" дәл қазір Головкиннен жылдамырақ көрінеді. Головкин жекпе-жектің басында ешқашан тез қимылдамайды, бірақ қазір ол бұдан да жай қимылдайтын болды. Оның жұдырығының күші сол баяғыдай, бірақ жылдамдық жағынан ол баяу болып келеді. Ал "Канело" 2014 жылы Ангуломен өткен кездесуіндегідей қолының жылдамдығымен басым түседі.
Ангуло ол кезде әлсіз әрі баяу болды. Головкин "Канелоны" жеңгісі келсе, оған жұдырықтасу мәнерін өзгерту керек болады. Головкин басқалармен Джейкобспен өткен кездесудегідей жұдырықтасатын болса, ол "Канелодан" жеңіледі. Жеңудің жалғыз жолы - күтпеген жерден шабуыл жасап, қарсыласты әлсірету. Головинге бірден алты немесе одан да көп соққы жасау керек. Олай әрекет етпесе, "Канело" оны жеңіп кетеді", -деді сарапшы.