12 мамыр 2017 10:54

Сарапшы Головкиннің Альваресті нокаутпен жеңуінің неліктен маңызды екенін айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© boxingscene.com © boxingscene.com

Boxingnews24.com порталының сарапшысы Дэн Эмброуз WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге (37-0, 33 КО) неліктен мексикалық Сауль "Канело" Альваресті (49-1-1, 34 КО) 16 қыркүйекке белгіленген жекпе-жекте нокаутпен жеңу маңызды екенін айтып берді, - деп жазады Vesti.kz.

"Головкин Альваресті нокаутқа түсірсе, бұл қазақстандықты бокс шыңына көтереді. Тіпті pound-for-pound рейтингінде жоғарылауы мүмкін. The Ring журналына Головкинді "Канеломен" өтетін жекпе-жектен кейін P4P рейтингінің бірінші орнына қою немесе қоймау керектігін шешуі керек болады. Бірақ меніңше, рейтингтің бірінші орнында "Канело" тұрады. Бірақ Головкин бірінші болып тұрса, бұл да мені қуантар еді", - дейді сарапшы.

Сондай-ақ, сарапшының айтуынша, Альваресті нокаутқа түсіру Головкин үшін үлкен құрмет болады. Себебі мексикалық боксшыны ешкім де осыған дейін нокаутқа түсіріп жеңбеген. "Головкин Альваресті нокаутқа түсіріп жеңсе, бұл бүкіл бокс әлемінде дүмпу болар еді", - дейді Дэн Эмброуз. Сарапшының айтуынша, Головкин PPV (ақылы трансляциялар) жұлдызы атануы мүмкін.

"Канело" жеңіліс тауып, Головкиннен қашатын болса, бұл Головкинді орта дивизионның королі етеді. Сонда Головкинге қоржынына соңғы титулын толтыру үшін орта салмақтағы WBO чемпионы Билли Джо Сондерспен ғана кездесу керек болады", - деді бокс сарапшысы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети