FightSpace жобасының авторы Григорий Стангрит Головкиннің экс-қарсыластары Дэниэл Джейкобспен (35-2, 29 КО) месикалық Сауль Альварестың (51-1-2, 35 КО) арасында өтетін жекпе-жекке қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Григорий бұл жекпе-жектің қызықты болатынын және екі боксшының Головкинмен өткізген жекпе-жектерінің нәтижесімен тікелей салыстыруға келмейтінін айтты. Оның ойынша Сауль Альварес үшін рингте қозғалатын боксшылар оған қиындық әкелетінін айтты.
"Меніңше Джейкобс боксшы ретінде Головкиннің кездесуінен кейін шеберлігін жетілдірді. Оның бір әлсіз жері ол рингте көп қозғалғанымен кей раундтарда бір орында қатып қалып, өз күшін 100 пайызға пайдаланбайды. Мысалы, ол Головкинмен жұдырықтасқанда нокдаунға түскеннен кейін ғана өзін еркін ұстай бастады. Ол дәл осылай украиналық боксшы Дмитри Пирогтан да бірнеше рет ауыр соққы өткізіп, нокаутқа түскен", - деді ол.
Бокс сарапшысының айтуынша, Сауль Альварестің соққысы жойқын. Егер де Джейкобс бір мезетке орнында тұрып қалатын болса, мексикалық боксшы жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтауы мүмкін екен.
Айта кетейік, Альварес - Джейкобс кездесуі 4 мамырда Лас-Вегас қаласында өтеді. Бұл кездесуде Сауль Альвареске тиесілі WBC әжне WBA (Super) атақтары мен Джейкобстың IBF белбеуі сарапқа салынады.