Сауль Альварес қыркүйекте жұдырықтаса алмауы мүмкін

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: boxingscene.com Фото: boxingscene.com

Екі салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы Сауль Альварес (52-1-2, 35 КО) ескі жарақатының салдарынан рингке қыркүйекте оралмауы мүмкін. Бұл туралы промоутер Боб Арумға сілтеме жасаған америкалық инсайдер Майк Коппинджер мәлім етті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Екі салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы Сауль Альварес (52-1-2, 35 КО) ескі жарақатының салдарынан рингке қыркүйекте оралмауы мүмкін. Бұл туралы промоутер Боб Арумға сілтеме жасаған америкалық инсайдер Майк Коппинджер мәлім етті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Канело" өзінің келесі жекпе-жегін 14 қыркүйекте өткізеді деп жоспарланған. Мексикалық боксшы қыркүйекте басты қарсыласы қазақстандық Геннадий Головкинмен (39-1-1, 35 КО) үшінші рет кездесуден бас тартып, жартылай ауыр салмақта ресейлік Сергей Ковалевпен (33-3-1, 28 КО) жұдырықтасуды жөн көрген.

Алайда Альварестің жоспарларына жарақаты кедергі келтіруі мүмкін. Арумның сөзінше, мексикалық боксшының тізесі жарақаттанған. Ол бұл жарақатымен бірнеше жыл бұрын да күрескен еді.

Осыған байланысты "Канело" рингке қыркүйекте емес, жылдың соңында оралуы ықтимал.

Айта кетейік, "Канело" тізесіне 2018 жылы сәуірде ота жасатқан болатын. Сол уақытта ол допинг-сынағы оң нәтиже көрсеткен соң, бокстан уақытша шеттетілген еді.

Альварес пен Головкин бұған дейін екі рет кездескен: 2017 жылы қыркүйекте Лас-Вегаста боксшылар тең түссе, тура бір жылдан соң сол қалада мексикалық боксшы төрешілер шешімімен жеңген.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro