Сауль Альварес пен Билли Джо Сондерс жекпе-жек өткізуге келісті

Сауль Альварес. © DAZN

Екінші орта салмақта WBC және WBA тұжырымдары бойынша әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (54-1-2, 36 КО) пен осы дивизиондағы WBO белбеуінің иегері ұлыбританиялық Билли Джо Сондерс (30-0, 14 KO) жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы танымал америкалық журналист және инсайдер Майк Коппинджер мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz

Оның айтуынша, тараптар келісімге келіп үлгерген. Бәске үш титул да тігіледі. Жекпе-жек АҚШ-та өтеді. Алдын ала мәлімет бойынша, кездесу 1 немесе 8 мамырға жоспарланған.

Реклама
Реклама

Бірақ алдымен "Канело" 27 ақпанда WBC желісі бойынша міндетті қарсыласы түркиялық Авни Йылдырымға (21-2,1 2 KO) қарсы кездесуде титулдарын қорғап, жарақат алмауы керек.

Бұған дейін Альварес қазақстандық Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) промоутері саналатын Matchroom Boxing басшысы ұлыбританиялық Эдди Хирнмен екі жекпе-жекке келісімшарт жасасқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная