Сауль Альварес қыркүйектегі жекпе-жекке қарсылас таңдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сауль Альварес қыркүйектегі жекпе-жекке қарсылас таңдады © mexico.as.com

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес спорттық карьерасындағы төртінші салмақ дәрежесін бағындырып көрмек, - деп хабарлайды World Boxing News.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес спорттық карьерасындағы төртінші салмақ дәрежесін бағындырып көрмек, - деп хабарлайды World Boxing News.

Дереккөз мәліметінше, Альвареске қарсылас болуы ықтимал боксшылар қатарында жартылай ауыр салмақта WBO чемпионы Сергей Ковалев (33-3-1, 28 КО) бар. Осы қауесеттерге қатысты ресейлік боксшының промоутері Кэти Дува пікір білдірді. 

"Мен де естідім, - дейді Дува. - "Канело" Ковалевтің атағы үшін тартысқа түскісі келеді. Бірақ біз әлі Golden Boy тарапынан ешқандай ұсыныстар алған жоқпыз. Сондықтан мен бұл қауесет шындыққа қаншалықты жанасатынын білмеймін. Сергей, әрине, дайын. Бұл - Альварестің төртінші салмақ дәрежесін бағындыруға талпынысы".

Егер солай болса... Егер Альварес шын мәнінде мұны істегісі келсе, онда оған лайықты бағасын беруге міндеттіміз. Ол нағыз ескі мектептің боксшысы, өте қауіпті қарсылас. Жанкүйерлер "Канело" салмақ ауыстырып, Ковалевпен жұдырықтасқанын асыға күтетін болар деп ойлаймын", - деді промоутер.

Альварес келесі жекпе-жегін қыркүйекте қазақстандық Геннадий Головкинге (39-1-1, 35 КО) қарсы өткізеді деп күтілген. Тараптар, тіпті, трилогия туралы келіссөздерді бастаған еді, бірақ олар еш нәтиже бермеді. Мексикалық спортшы өзінің нағыз қарсыласымен үшінші рет жұдырықтасқысы келмейді - 2017 жылы өткен жекпе-жекте олар тең түссе, бір жылдан кейін мексикалық боксшы жеңген еді.

Ковалевте шешілмеген бір мәселе бар - алдымен ол ұлыбританиялық Энтони Ярдпен (18-0, 17 КО) жұдырықтасуы керек.

"Біз осы бағытта жұмысты жалғастырамыз. Кадрға симай қалған көп нәрсе бар, осы шайқаста көптеген мәселелер болды. Бірақ таяуда біз барлық проблеманы шешеміз деп үміттенемін", - деді Дува.

Сауль Альварес 2018 жылы желтоқсанда екінші орта салмаққа ауысқан еді. Бұл салмақта ол ұлыбританиялық Рокки Филдингті жеңіп, WBA чемпионы атанған болатын. Оған дейін мексикалық боксшы бірінші орта салмақта өнер көрсеткен.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети