Сурет Sports.kz сайтынан
Бүгін Ақмола облысының Шучинск қаласында қыздар арасында ҚР чемпионаты басталды деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Т.Уәлиев атындағы спорт мектебі кешеніндегі бәсекеге республиканың түкпір-түкпірінен 88 бұрымды боксшы қатысуда. Олардың арасында Лондон олимпиадасының қола жүлдегері, 2012-13 жылдардағы Әлем кубогының жеңімпазы, Азия чемпионы, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Марина Вольнова, Азия чемпионы, Азия Ойындарының жүлдегері Саида Хасенова, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Юлдуз Маматкұлова, әлем чемпионатының қола жүлдегері Назым Қызайбай, Азия чемпионатының қола жүлдегері Ләззат Күнгейбаева мен Фирюза Шәріпова, Азия чемпионы Дариға Шәкімова, Азия чемпионы, Феликс Штамм турнирінің жеңімпазы Жайна Шекербекова бар. 10 рет өтіп отырған қыздар арасындағы ҚР чемпионатының финалдық кездесулері 15 наурыз күні болады. Жарыс нәтижесінде топ жарған боксшылардан ұлттық құрама жасақталып, олар Оңтүстік Кореяда өтетін әлем және Азия чемпионатына қатысады.
Бүгін Ақмола облысының Шучинск қаласында қыздар арасында ҚР чемпионаты басталды деп хабарлайды
Tengrinews.kz ҚР Бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Т.Уәлиев атындағы спорт мектебі кешеніндегі бәсекеге республиканың түкпір-түкпірінен 88 бұрымды боксшы қатысуда. Олардың арасында Лондон олимпиадасының қола жүлдегері, 2012-13 жылдардағы Әлем кубогының жеңімпазы, Азия чемпионы, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Марина Вольнова, Азия чемпионы, Азия Ойындарының жүлдегері Саида Хасенова, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Юлдуз Маматкұлова, әлем чемпионатының қола жүлдегері Назым Қызайбай, Азия чемпионатының қола жүлдегері Ләззат Күнгейбаева мен Фирюза Шәріпова, Азия чемпионы Дариға Шәкімова, Азия чемпионы, Феликс Штамм турнирінің жеңімпазы Жайна Шекербекова бар.
10 рет өтіп отырған қыздар арасындағы ҚР чемпионатының финалдық кездесулері 15 наурыз күні болады. Жарыс нәтижесінде топ жарған боксшылардан ұлттық құрама жасақталып, олар Оңтүстік Кореяда өтетін әлем және Азия чемпионатына қатысады.