Ресейлік боксшы Сергей Ковалев колумбиялық Элейдер Альваресті қарымта кездесуде жеңіп, жартылай ауыр салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын қайтарып алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Ресейлік боксшы Сергей Ковалев колумбиялық Элейдер Альваресті қарымта кездесуде жеңіп, жартылай ауыр салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын қайтарып алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Жекпе-жек АҚШ-тың Техас штатындағы Фриско қаласында өтті. Олардың кездесу бокс кешінің басты жекпе-жегі болды. Қос боксшы осыған дейінгі кездескен. Колумбиялық боксшы ресейліктің WBO белбеуін тартып алған еді.
12 раундтық кездесу Ковалевтің жеңісімен аяқталды. Төрешілердің бірауыздан шығарған шешімі 120:108, 116:112, 116:112 есебімен аяқталды. Осылайша 35 жастағы ресейлік боксшы 33-ші жеңісіне қол жеткізді, оның 28-ін ол мерзімінен бұрын аяқтаған еді. Спорттық мансабында үш рет жеңіліп, бір рет тең түскен. 24 кездесуде жеңіске жеткен 34 жастағы Альварес үшін бұл кәсіпқой рингтегі бірінші жеңілісі.