09 ақпан 2015 09:20

Серік Сәпиев "Астана Арланс" боксшыларының жеңісі туралы ойын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Серік Сәпиев. ©Vesti.kz Серік Сәпиев. ©Vesti.kz

"Астана Арланс" кәсіпқой бокс клубының бас менеджері Серік Сәпиев егер кездесу АҚШ-та өтсе, есеп 5:0 болып Қазақстанның пайдасына шешілмесін мойындады, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 


"Астана Арланс" кәсіпқой бокс клубының бас менеджері Серік Сәпиев егер кездесу АҚШ-та өтсе, есеп 5:0 болып Қазақстанның пайдасына шешілмесін мойындады, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

"Әрине, жоғары айырмамен жеңгіміз келді, тек жеңісті күттік, ешқандай есеп туралы ойламадық. Бірақ өз алаңымызда жеңуіміз керек деген бір сенім болды", - деді Серік Сәпиев. 

Ол команда мүшелерінің барлығы да жақсы өнер көрсеткенін, әсіресе, өзіне біздің ауыр салмақтағы боксшыларымыз ұнағанын айтты. Оның айтуынша, Иван Дычко еліміздің намысын биік дәрежеде қорғауға лайықты. Сәпиев жарақатынан кейін шаршы алаңға тұңғыш рет шыққан Ержан Мұсафировтың жекпе-жегі туралы да пікір білдірді.

"Сәл ауыр, бірақ тең дәрежедегі жекпе-жек болды. Егер оларда ойнаған кезде бізге жеңісті бермес еді. Кездесу бізде өткендіктен төрешілер өзімізге басымдық берді. Бұл роль атқарады, есептің өзі айтып тұр - айырмасы үлкен емес. Бірақ Ержан қуантты. Жақсы көрінеді, жуырда қалыпқа келеді деп есептеймін", - деді бас менеджер. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар. 

Еске сала кетейік, "Астана Арланс" боксшылары "Америка нокаутерлерін" 5:0 есебімен жеңген болатын. Кездесу Қарағанды қаласында өтті. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети