Шәріпова әлем чемпионы орнына тергеу изоляторының қызметкерін жеңді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шәріпова әлем чемпионы орнына тергеу изоляторының қызметкерін жеңді Фото: tapology.com

Қазақстандық боксшы Фируза Шәріпова Қазандағы (Ресей) шоуда жеңіске жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық боксшы Фируза Шәріпова Қазандағы (Ресей) шоуда жеңіске жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Шәріпованың қарсыласы ресейлік Софья Очигава болуы керек еді. Қазақстандық боксшы онымен 2016 жылы жұдырықтасып, жеңіліп қалған болатын. 

Басылым мәліметінше, Шәріпова мен Очигава жеңіл салмақтағы IBA және WBC Silver титулын сарапқа салуы керек еді. Жекпе-жек жеңімпазы абсолют әлем чемпионы Кэти Тейлормен кездесуге міндетті үміткер саналатын. Бірақ жекпе-жекке екі күн қалғанда Очигава белгісіз себептермен жекпе-жек өткізуден бас тартты.

Қазақстандық боксшы жекпе-жегінен бас тартпай, аз уақыт ішінде басқа қарсылас тапты. Ол ресейлік Юлия Чернобородова болды.

"Оны лайық қарсылас деп атау өте қиын. Шәріпованың спарринг-серіктесі болып, Очигавамен жекпе-жекке дайындалуға көмектескен осы Чернобородова еді. Сонымен қатар, ол төрт жыл бұрын тек бір жекпе-жек өткізген. Сол кезде де Шәріповадан жеңіліп қалған. Чернобородова кәсіпқой спорттан алыс. Ол прапорщик, Иваново облысының тергеу изоляторында жұмыс істейді, ал бос уақытында ол балалар боксқа жаттықтырушы болып қызмет етеді", - деді спорт журналистері.

Бірінші жартылай орта салмақтағы жекпе-жек төртінші раундта Шәріпованың жеңісімен аяқталды. Бірнеше соққыдан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатты. Кездесу нәтижесінде қазақстандық боксшы статистикасын жақсартты. Қазір 13 жеңісі бар, оның жетеуін мерзімінен бұрын аяқтаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети