Шүменовтің келесі жекпе-жегін кіммен және қашан өткізетіні белгілі болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Бейбіт Шүменов. © MMANews.info Бейбіт Шүменов. © MMANews.info

Қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменовтің келесі жекпе-жегін кіммен және қашан өткізетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменовтің келесі жекпе-жегін кіммен және қашан өткізетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz

Шүменов кубалық Юниер Дортикоспен 29 сәуірде Лас-Вегаста жұдырықтасатын болды. Айта кетейік, отандық спортшы ауыр салмақтағы (90,7 келіге дейінгі) WBA тұжырымының аралық чемпионы, ал кубалық осы ұйымның титулының уақытша иегері.

"Осындай жекпе-жектің өтуі үшін атқарылуы тиіс болған жұмыстарды орындағанымызға қуаныштымыз. Жуырда Дортикостың қаһарлы қарсыласқа қарсы тарихи жекпе-жекте дарынын әлем тамашалайды деп үміттенеміз", - деп мәлімдеді Дортикостың промоутері әрі Warriors Boxing компаниясының басшысы Луис Декубас.


Юниер Дортикос. © elnuevoherald.com

Шүменов 2015 жылдың жазында Бенджамин Флоресті жеңіп, уақытша чемпиондық титулға ие болған, кейін Джуниор Райтты нокаутқа түсірген соң аралық чемпион атанған еді. 

Ал Дортикос 2016 жылдың мамырында Йоури Каленгиді 10-шы раундта нокаутқа түсірген.

Қазақстандық 17 рет жеңіске жеткен (11-і нокаутпен) және екі мәрте жеңілген, ал қарсыласы кубалық жеңіліссіз келе жатыр, 21 жеңісі бар (оның 20-сы нокаутпен аяқталған). 

Кубалық пен қазақстандықтың жеңгені WBA тұжырымы бойынша қазіргі "суперчемпион" Денис Лебедевтің атағын тартып алуға міндетті үміткер болады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.19  course up  583.08  course up  6.26  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro