Сондерс Головкин - Альварес жекпе-жегіне қатысты болжамын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сондерс Головкин - Альварес жекпе-жегіне қатысты болжамын айтты Билли Джо Сондерс. Сурет: boxingnewsonline.net

Орта салмақта WBO чемпионы британиялық Билли Джо Сондерс (26-0, 12 КО) қазақстандық Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) және мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы қарымтаға қатысты болжамын айтты.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орта салмақта WBO чемпионы британиялық Билли Джо Сондерс (26-0, 12 КО) қазақстандық Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) және мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы қарымтаға қатысты болжамын айтты.

Боксшылардың қарымтасы 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді және HBO арнасында ақылы трансляциялар жүйесі (PPV) арқылы көрсетіледі.

"Алғашқы жекпе-жекте Головкин жеңгені анық, екіншісінде де ұпай санымен жеңіске жетеді деген ойдамын. "Канело" допингке сенген алаяқ екенін білемін. Оның жанкүйері болатынмын, бірақ, даудан кейін ол менің және бүкіл бокс әлемінің сый-құрметінен айырылды. Ал оны ешқашан қайтара алмайсың. Ол сол күйі допинг читері болып қалады. Ұяттан қысылсын", - дейді Сондерс World Boxing News басылымына берген сұхбатында.

Сонымен бірге, Сондерс Головкиннің артынан жүгіре шаршағанын және мұнысын доғаратынын айтты. Британиялықтың айтуынша, қазақстандық онымен жұдырықтасқысы келмейді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети