WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы ұлыбританиялық Билли Джо Сондерс 2017 жылы жетуі тиіс мақсаттары жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы ұлыбританиялық Билли Джо Сондерс 2017 жылы жетуі тиіс мақсаттары жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Айта кетейік, 22 қазанда Сондерс алғашқы белбеуін қорғайтын болады. Оның қарсыласы - ресейлік Артур Акавов. Жекпе-жек алдында өткен баспасөз конференциясында Сондерс Акавовпен болатын кездесуден кейін қазақстандық Геннадий Головкинмен және мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлімдеген болатын.
"Келесі жылы өткізетін үлкен жекпе-жектің алдында мен кейбір шаруаларымды аяқтап алуым керек. Головкин оны ешкім де жеңе алмайды деп ойлап жүрген шығар. Мен алдын ала ештеңені кесіп айта алмаймын, бірақ титулымды қорғап болған соң, мен олардың бірімен - "Канеломен" немесе Головкинмен жұдырықтасқым келеді. Менің мақсатым - Головкинмен ақпан немесе наурыз айында кездесу."
"Мен өзімнің қаншалықты мықты екенімді білгім келеді. Мен Головкинды ұрып-соға аламын ба? Түбінде мен онымен жұдырықтаса алатыныма сенемін", - деп мәлімдеді Сондерс.
Еске сала кетейік, осыған дейін Сондерс келесі кездесуін Головкинмен әлемнің кез келген елінде өткізуге дайын екенін айтқан болатын. Сондай-ақ, ол Головкин мен Альваресты жұдырық түйістіруге шақырып қана қоймай, намысқа тиетін сөздер айтқан еді.