Сондерс осы жылдың соңына дейін Головкинмен жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сондерс осы жылдың соңына дейін Головкинмен жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр © zimbio.com

WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, ұлыбританиялық боксшы Билли Джо Сондерс осы жылдың соңына дейін WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ

WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, ұлыбританиялық боксшы Билли Джо Сондерс осы жылдың соңына дейін WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz

Сондай-ақ, Сондерстің 17 қыркүйекте Техаста өтетін Сауль Альварес - Лиам Смиттің жекпе-жегіне қатысудан бас тартқаны белгілі болды. Айта кетейік, Сондерспен жекпе-жекке 2013 жылдың қаңтар айында Головкиннен жеңілген америкалық боксшы Габриэль Росадо шығады. Олар келісімшарт жасасып қойған екен.

Ұлыбританиялық боксшы Билли Джо Сондерстің айтуынша, осы жылдың соңына дейін ол екі жекпе-жек өткізіуді жоспарлап отыр. Олардың бірін желтоқсан айында Головкинмен өткізгісі келіп отыр. "Мен рингке қазан айында шығамын. Қай күні екенін осы аптада айтамын. Қарсыласыммен келісу керек. Ал желтоқсан айында үлкен жекпе-жекпе өткізгім келеді. Головкинмен жұдырықтасамын деп үміттенемін. Егер мен қарсыласым Головкин болатын болса, онда жекпе-жек Англияда өтеді. Бірақ без "Канело" үшін АҚШ-қа баруға қарсы емеспіз. Желтоқсан айында мен мықты қарсыласпен жекпе-жек өткіземін", - деді Сондерс.

Айта кетейік, осыған дейін Сондерс Головкинмен келіссөздео жүргізген еді. Алайда ұлыбританиялық боксшы жоғары талаптар қойғандықтан боксшылар келісімге келмеді. Сондай-ақ, 30 сәуірде Сондерс украиналық боксшы Макс Бурсакпен кездесуі керек болатын. Алайда ұлыбританиялық боксшы жекпе-жектің өтуіне бірнеше күн қалғанда жарақатына байланысты жұдырықтаса алмайтынын айтқан болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети