Сондерстің промоутері Головкиннің жарақат алып қалғанын мәлімдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сондерстің промоутері Головкиннің жарақат алып қалғанын мәлімдеді © Khabar 24

Орта салмақта WBO тұжырымы бойынша ұлыбританиялық боксшы Билли Джо Сондерстің промоутері Фрэнк Уоррен Геннадий Головкиннің жарақат алып қалуына байланысты келіссөздер созылаып кеткенін мәлімдеді, - деп хабарлайды boxingnews24.com.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орта салмақта WBO тұжырымы бойынша ұлыбританиялық боксшы Билли Джо Сондерстің промоутері Фрэнк Уоррен Геннадий Головкиннің жарақат алып қалуына байланысты келіссөздер созылаып кеткенін мәлімдеді, - деп хабарлайды boxingnews24.com.

"Бізге Головкиннің жарақат алып қалғанын айтты. Мұның соңы не боларын көрейік. Осы жекпе-жекті ұйымдастыру үшін біз қолдан келгеннің барлығын жасадық. Билли онымен жұдырықтасуға лайықты. Биллидің қалтасында әрдайым қаламы дайын жүреді. Ол кез келген боксшымен жұдырықтасуға келісімін береді. Қазіргі уақытта барлығы созылып кетті", - деді Уоррен.  

Айта кетейік, Геннадий Головкин орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы және оған осы салмақ дәрежесінде барлық белбеулердің басын қосу үшін тек Сондерстің WBO титулы жетіспейді. Инсайдерлік ақпарат бойынша, БАҚ беттерінде Головкин - Сондерс жекпе-жегі Астанада 17 маусымда EXPO-2017 халықаралық көрмесі күндері өтетіні хабарланды. Қазақстандық боксшы мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы жекпе-жек қыркүйекте өтеді деп болжанады, алайда келіссөздер әлі де жүріп жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 520.22  course up  609.26  course up  6.58  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети