Шүменов пен Хопкинс салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шүменов пен Хопкинс салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті Бернард Хопкинс пен Бейбіт Шүменов. Сурет: boxingscene.com

WBA тұжырымы бойынша жартылай ауыр салмақтағы әлемнің супер чемпионы, қазақстандық былғары қолғап шебері Бейбіт Шүменов пен IBF чемпионы, америкалық Бернард Хопкинс жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу рәсімінен өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz спорт порталына сілтеме жасап.

Оның қорытындысы бойынша таразы 30 жастағы Бейбіт Шүменовтың салмағын 174,4 фнут деп көрсетсе, 49 жастағы америкалық боксшының салмағы 172,4 фунт болды. Осылайша екі боксшы да жартылай ауыр салмақта міндеттелген 175 фунттан асып кетпеді.

Еске салайық, Бейбіт Шүменов пен Бернард Хопкинс арасындағы жекпе-жек 19 сәуір күні Вашингтонның  DC Armory аренасында өтеді. Бұл кездесуді  KazSport арнасы тікелей эфирде көрсетеді. Трансляция Астана уақытымен 03.00-де басталады.

Айта кетейік, Хопкинс кәсіпқой бокста 64 кездесу (32-сін нокаутпен аяқтаған) өткізсе, Шүменов бар болғаны 15 кездесу (тоғызы нокаут) өткізген. Америкалық боксшы кәсіпқой бокстың шаршы алаңына 1988 жылы шыққан, ол кезде қазақстандық былғары қолғап шеберінің жасы небәрі бесте болған.  

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети