19 қараша 2019 | 09:36

"Сүйегіне дейін сездім". Деревянченко Головкинмен жекпе-жекте қабағының жарылуы жайлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Jose Miranda/Frontproof Media © Jose Miranda/Frontproof Media

Украиналық боксшы Сергей Деревянченко (13-2, 10 КО) VideoBoxing-ге берген сұхбатында қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жегінде қабағы жарылған сәт туралы айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Украиналық боксшы Сергей Деревянченко (13-2, 10 КО) VideoBoxing-ге берген сұхбатында қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жегінде қабағы жарылған сәт туралы айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Мен бірден сездім. Қателеспесем, екінші раунд болатын, мен еңкейіп жатқанмын, ол мені апперкотпен ұстап алды. Мен оның сүйегіне дейін сездім, менің қасыма тиген, бірден қан кетті. Кейін ол көзіме қарай ақты, оның қапталдан жасаған соққылары мен сол қолымен тіке джебтерін көруге кедергі жасады.

Ол қаншалықты әсер етті? Сен шектеліп, қарсыластың соққыларын көрмейсің. Қанды қолыммен сүртіп жатқанда, Головкин секілді қарсылас оны байқап, бірден жақындап алады да, соққы жасайды - комбинациялар, тікелей және қапталдан соққылар, оны кейде көрмей қаламын. Қарсыластың қабағы солай жарылса, мен де ауыратын жерінен ұратын едім (күліп). Сәт сайын емес, бірақ көбіне сол жерден ұруға тырысар едім", - деді Деревянченко. 

Головкин мен Деревянченко 5 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында жұдырықтасқан. Боксшылар орта салмақта IBF және IBO титулдарын сарапқа салған еді. 12 раундтың қорытындысы бойынша, төрешілер жеңісті бірауыздан Головкинге берген болатын. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети