16 қыркүйек 2017 | 14:29

Тағы бір маман Головкин - Альварес жекпе-жегінде төрешілердің әділ шешім шығаратынына күмән келтірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Танымал америкалық RingTV және iFLTV порталдарының журналисі Доминик Вердин Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Головкин - Альварес жекпе-жегінде мексикалықтың жеңіске деген сенімінің мықты екенін жеткізді. 

"Мен Головкин туралы 2011-2012 жылдары естідім, ол кезде қазақстандық боксшы супер жұлдыз емес тұғын. Сол уақыттан бері ол шынымен де америкалық және мексикалық жұртшылықтың назарын өзіне аудара білді. Ол өте танымал. Негізінде ол Альвареске қарағанда көбіек танылған. Мүмкін "Канело" Лас-Вегаста танымал шығар, алайда Головкин - әлемдік жұлдыз", - деді Вердин. 

Танымал маман жекпе-жектің қалай аяқталатыны жайлы және кімнің жеңіске жететіні туралы ойымен бөлісті. 

"Мен Альваресті де жұлдыз болмай тұрып білетінмін. Екуінің де жұдырықтасуы ұнайды. Менің ойымша Головкин жеңеді. Бірақ төрешілер шешім шығаратын болса жағдай басқаша болады. Ол кезде жеңісті Альвареске береді. Мынаны ескеру керек: Лас-Вегас - Golden Boy Promotions компаниясының қаласы, сол себепті де басымдылыққа мексикалық боксшы ие болады. Бірақ Головкин сондай мықты спортшы ма деген сұрақ келеді. Оның кейбір жекпе-жектері мүлдем қызықсыз болды. Алайда мұнда тұрған ештеңе жоқ, олда қарапайым адам! Головкиннен жасанды құбыжық етіп шығарды, жеңілмейтін машина болды. Бірақ бұл жекпе-жек ауыр болары сөзсіз, себебі "Канело" шаршы алаңға шыққанда не істеу керектігін біледі. "Канело" шаршап қалуы мүмкін, ал Головкин соққыларын үдете түседі. Біз Головкинді Лемьемен жұдырықтасқанындай кездесу өре аламыз деп ойламаймын. Алайда ол әрдайым алда болып, "Канелоны" қыспаққа алады. Төрешілердің жеңісті Альвареске беріп жіберуі әбден мүмкін, алайда Головкин де жеңіп кетуі таңғаларлық болмасы анық", - дейді Доминик Вердин. 

Журналистің "Головкин жеңілген жағдайда оның абыройына қаншалықты нұқсаң келуі мүмкін?", - деген сұрағына маман былай деп жауап берді: "Қалай жеңілгеніне байланысты. Мысалы, төрешілер шешімімен жеңілетін болса, жанкүйерлер жеңісті Головкинге береді, мұндай жеңіліс жаман емес. Ал егер нокдаунға түсіп қалса, бұл сөзсіз нұқсаң келтіреді. Бірақ Головкиннің тәжірибесі Альваресті "шашып" тастауға шамасы жетеді. Ол жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтауы мүмкін. Сонымен қатар жекпе-жек 12 раундқа созылған күннің өзінде-ақ төрешілердің жеңісті өзіне беруіне сендіруі мүмкін. 

Сонымен қатар, жекпе-жек алдындағы ресми шараларда екі боксшының қаншалықты дайын екендерін туралы да тоқтала кетті.  

Иконка комментария блок соц сети

"Меніңше, Головкиннің шыдамы өте мықты. Ол өз эмоциясын ұстап тұра алады, оны көпшіліктің алдында көрсетпейді. Екеуі де психологиялық тұрғыдан өте мықтыдайындалған. "Канело" қорқады деп ойламаймын, ол өзінің жеңетініне сенімді. Головкинді жеңетініне сенімді. Екі боксшы да шаршы алаңда шайқасуға дайын", - деді маман. 

Айта кетейік, Головкин - "Канело" жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді.

Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети