Тайсонның бапкері Головкинді жеңе алатын екі боксшыны атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тайсонның бапкері Головкинді жеңе алатын екі боксшыны атады © Fight Network

Майк Тайсон мен Эвандер Холифилдтің бапкері әрі америкалық маман Ронни Шилдс WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинді жеңе алатын екі боксшының есімін атады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Майк Тайсон мен Эвандер Холифилдтің бапкері әрі америкалық маман Ронни Шилдс WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинді жеңе алатын екі боксшының есімін атады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Расында да екі боксшы алғашқы орта салмақта өнер көрсетеді. Олардың біріншісі - WBA/IBO нұсқалары бойынша экс-чемпион кубалық Эрисланди Лара (24-2-2, 14 КО) мен IBF белбеуінің иесі америкалық Джермалл Чарло (25-0, 19 КО). Олар осыған дейін 2017 жылы орта салмаққа көшу туралы талқылаған болатын. Сондай-ақ, Эрисланди Лара мен Джермалл Чарло Головкинмен кездескісі келетіндерін айтқан.

"Меніңше, екеуінің де жеңіске жетуге мүмкіндігі зор. Лара қашықтықта жұдырықтасу арқылы қиындықтар туғызуы мүмкін. Ал Чарло күшті джебімен және күшімен Головкинді жеңе алады. Олардың жұдырықтасу мәнері әртүрлі, бірақ жеңіске жетуге мүмкіндігі бар", - дейді бапкер.

"Головкин - ұлы боксшы, Оның ұлылығын ешкім де тартып ала алмайды. Бірақ Лара жекпе-жектердегі мүмкіндіктерін мықты боксшылармен тексеретін жігіттердің бірі. Лара Головкиннің 160 фунтта жұдырықтасатын мықты боксшы екенін біледі, сондықтан Лара Головкинмен жұдырықтасқысы келіп отыр", - деді Ронни Шилдс On The Ropes Boxing Radio басылымына берген сұхбатында.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети