"Тақтар ойыны" сериалының жұлдызы кәсіпқой бокста жекпе-жек өткізеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Тақтар ойыны" сериалының жұлдызы кәсіпқой бокста жекпе-жек өткізеді Фото: gameofthrones.fandom.com

31 жастағы исландиялық актер әрі стронгмен Хафтор Бьернссон кәсіпқой бокста алғашқы жекпе-жегін өткізеді, - деп хабарлайды sports.ru.

ПОДЕЛИТЬСЯ

31 жастағы исландиялық актер әрі стронгмен Хафтор Бьернссон кәсіпқой бокста алғашқы жекпе-жегін өткізеді, - деп хабарлайды sports.ru.

Кездесу 2021 жылы қыркүйекте өтеді, алғашқы қарсыласы британиялық стронгмен Эдди Холл болады. 

"Ресми. 2021 жылдың қыркүйегі, Лас-Вегас, Невада штаты. "Тау" және "Жыртқыш". Карьерамның келесі бір жарым жылы тек осы жекпе-жекке арналады. Отбасым ринг-сайдта болған күнді тағатсыздана күтіп жүрмін", - деді Бьернссон.

Еске салайық, Бьернссон "Тақтар ойыны" сериалының төртінші маусымында Григор "Тау" Клиганды сомдап, танымал болған еді. 2015 жылы ол UFC жұлдызы Корон Макгрегормен спарринг өткізген болатын. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети