ПОДЕЛИТЬСЯ
27 шілде 2021 | 17:19
"Таңғалмадым" - Левиттің қарсыласы нокаутпен жеңісіне қатысты ойын айтты
Токио Олимпиадасында қазақстандық Василий Левитті нокаутпен жеңген испаниялық Эмануэль Рейес жекпе-жек туралы пікірін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Токио Олимпиадасында қазақстандық Василий Левитті нокаутпен жеңген испаниялық Эмануэль Рейес жекпе-жек туралы пікірін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"Жеңіске жету үшін тынбай жұмыс істедім. Левиттің мықты тұстарын және рингте қалай әрекет ететінін білдім. Нәтижеге таңғалмадым, себебі соққымның күшін, кез келген қарсыласты жеңе алатынымды білемін. Нокаутпен жеңуге күш салмадым, бірақ ол маған жеңіс сыйлады, маңыздысы осы", - деді Рейес.
Бүгін Қазақстан құрамасының көшбасшысы Василий Левит Токио Олимпиадасында 91 келіге дейінгі салмақта алғашқы жекпе-жегін өткізіп, нокаутпен жеңілген болатын.
Олимпиаданың 1/8 финалында Қазақстанның екі боксшысы жарыс жолынан шығып отыр. Бұған дейін 69 келіге дейінгі салмақта Абылайхан Жүсіпов ширек финалға шыға алмаған еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также