27 шілде 2021 16:03

Василий Левит Токио Олимпиадасында нокаутпен жеңілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Владислав Семёнов / olympic.kz Фото: Владислав Семёнов / olympic.kz

Қазақстандық боксшы Василий Левит Токио Олимпиадасының ширек финалына шыға алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық боксшы Василий Левит Токио Олимпиадасының ширек финалына шыға алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Левит 91 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен. 1/8 финалда ол испаниялық Эммануэль Рейеспен жұдырықтасты. Екінші раундта испан боксшысы Левитті нокаутқа түсірді.

33 жастағы Левит - Қостанай облысының тумасы. 2016 жылы Рио Олимпиадасының финалында жеңіліп, бұл жекпе-жек жанкүйерлер мен сарапшылар арасында дау шығарған болатын. Одан бөлек, Левит 2017 және 2019 жылдары әлем чемпионатында қола медаль алған, 2009, 2015 және 2017 жылдары Азия чемпионы атанған. Биыл құрлықтық жарыста күміс медаль еншілеген болатын.  

Олимпиаданың 1/8 финалында Қазақстанның екі боксшысы жарыс жолынан шығып отыр. Бұған дейін 69 келіге дейінгі салмақта Абылайхан Жүсіпов ширек финалға шыға алмаған еді.

Еске салайық, қазір Қазақстан қоржынында үш медаль бар. Дзюдошы Елдос Сметов, ауыратлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло қола медаль иеленген болатын.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети